Батыс Қазақстанда жылқы 100 мың басқа жуықтады

ОРАЛ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласы жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтағалы отыр.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы он бір айда 79565,2 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Соның ішінде 37189,3 млн. теңгенің өнімі өсімдік, 42193,6 млн. теңгесі мал шаруашылығына тиесілі. Өнім көлемі мал шаруашылығында өткен жылғыдан 9,5, өсімдік саласында 3,0 пайызға көбейіп отыр.

Биылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша облыста ірі қара саны 425,4 мыңға жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,7 пайызға артық. Сондай-ақ 811 мың қой (108,6 пайыз), 185,2 мың ешкі (101,4 пайыз), 99,6 мың жылқы (116,3 пайыз), 3,1 мың түйе (97,4 пайыз), 27,1 мың шошқа (118,2 пайыз), 956,2 мың құс (109,9 пайыз) санаққа іліккен. Яғни түйеден басқа түліктің барлық мал басы өскен.

Соңғы жаңалықтар