17:25, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстандағы облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттары бас қосты
ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қаңтардың 15-інде «Нұр Отан» ХДП-дан сайланған Батыс Қазақстан облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттары депутаттарының облыстық форумы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасының жүзеге асырылу жағдайы және оның одан әрі бүкіләлемдік қаржылық дағдарыс кезінде орындалу жолдары туралы айтылып, депутаттық корпус пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылы талқыланды.
Қазіргідей уақытта қиындықтан бірлесіп шығу, алда тұрған міндеттерді орындау қажеттігі атап өтілді.