Батыс Қазақстандағы өнеркәсіп кәсіпорындарында өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық сапа стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде

ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық сапа стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, қазіргі уақытта сапа жүйесі сертификаттарын облыстың 80 кәсіпорыны мен ұйымы, соның ішінде 18 өнеркәсіп кәсіпорны мен 10 шағын кәсіпкерлік нысаны иеленген. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар жандандыра түсуді қажет етеді. Айталық, Орал қаласындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының көпшілігі әлі де болса жаңа өнім түрлерін шығаруға бейімделу, отандық және шетелдік компаниялар қажет ететін тауарлар өндіру мүмкіндіктерін қарастырмай отыр. Бұл орайда «Омега» прибор жасау зауыты, «Орал» механикалық зауыты, «Қазармапром» зауыты, «Оралагромашинажөндеу» АҚ басшылары тарапынан ізденіс жасау, тың бастама көтеру көп байқалмайды.
Соңғы жаңалықтар