09:00, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанның ауылдарының бірінде карантин жарияланды
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанның Тасқала ауданындағы Мереке ауылында ақпанның 5-інен бастап карантин жарияланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданның ветеринарлық-санитарлық қызметі жеке шаруашылықтардың бірінде өлген ірі қара малды тексергеннен соң «қарасан» індетін тіркеген. Ал ауру малдың өлексесі өртеп жіберілді.