Батыс көліктегі ішкі істер департаменті: мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

АҚТӨБЕ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ – Батыс көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтау стансысындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Тәжікстан Республикасының азаматы Сатторовты ұстады.
None
None
Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша Тәжікстан Республикасы ішкі істер министрлігінің іздеуінде болып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Тексеру барысында Сатторовтың қарақшылық, қылмыстық қауымдастықты және ұрлықты ұйымдастырғаны анықталды.Қазіргі уақытта Минск конвенциясына сай оны Тәжікстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.
Соңғы жаңалықтар