«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» мега жобасы бойынша құрылыс келісімшарттарына биыл күзде қол қойылады

Мамырдың 12 -сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» мега жобасы бойынша құрылыс келісімшарттарына осы жылдың күзінде қол қойылатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Елбасының тапсырмасына сәйкес, жағдайды түбегейлі өзгерту үшін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мега жобасын іс жүзіне асыру жұмыстары басталып кетті. Бұған Үкіметтің 5 халықаралық қаржы институттарының заемдық қаржыларын тартқаны демеу болды. Құрылыс келісімшарттарына қазан мен қараша айларында қол қойылады. Жыл аяғына дейін жұмылдыру және жалпы сомасы 31 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары басталады», деді бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов. Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба жүзеге асқан кезде 7,5 млн. адам тұратын, халық тығыз қоныстанған еліміздің 5 өңірі, атап айтқанда Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, (Алматы қаласын қоса есептегенде) Алматы облыстары қарқынды дамитын болады. «Дәлізді дамытуға Қазақстанның басты сауда әріптестері мүдделі. Қазіргі таңда министрлік Ресей және Қытаймен меморандумдарға қол қойды. Еуропалық одақпен меморандумға қол қоюға әзірлік жасалуда», деді Ә. Құсайынов. Оның айтуынша, бұл жобаны жүзеге асырудың орташа жылдық экономикалық тиімділігі техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша 53,6 млрд. теңге болады. Бұл мега жобаның Қазақстан аумағынан өтетін учаскесінің құрылысын 2013 жылы аяқтау көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар