«Батыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша үздік жүргізушілер анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жуырда Ақтау қаласындағы 6656-әскери бөлімінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Үздік жүргізуші» және «Үздік БТР экипажы» байқауы мәреге жетті.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бес күндік жиынға Орал, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Жаңаөзен қалаларында орналасқан әскери бөлімдерден келген үздік мамандар қатысты. Олар жиын барысында білім-біліктерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасты.

«Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Исатай Жәрдемовтің атап өткеніндей, елімізде 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан мұндай байқау-жиын кәсіби жағынан мойны озық, шебер жүргізушілер мен БТР экипаждарының мүшелерін анықтауға, олардың шеберлігін шыңдауға септеседі.

Байқау қорытындысында 6656-әскери бөлімнің (Ақтау) экипажы (командирі, аға лейтенант Олжас Артықов, жүргізуші-механик, кіші сержант Нұрсұлтан Киненбаев, нысана көздеуші, қатардағы жауынгер Құрмет Қаспақов) «Үздік БТР экипажы» аталымы бойынща жеңімпаз атанды. Осы әскери бөлімнің старшинасы Ғани Жұмаділлаев «Үздік жүргізуші» атағын иеленді.

Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар