Батыс Польшадағы бизнес-семинарларда Қазақстанға салынатын инвестициялардың болашағы талқыланды

Великопольский воеводствосының инвесторлар мен экспорттаушыларға қызмет көрсету орталығымен бірігіп, «Қазақстан және Польша: инвестициялар мен табысты бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбына экономикалық семинарларды өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Семинар жұмысына жоғарыда аталған қалалардың, Нижнесилезсикй және Великопольский воеводстволарының, ЖОО-ның басшылығы, ЕО бірқатар мемлекеттерінің консулдары, аймақтық БАҚ өкілдері, сондай-ақ батыс Польшадағы іскерлік қауымдастықтың 200-ден астам өкілі қатысты.
Семинарларда Елшілік мультимедиялық таныстрылымын ұсынды, онда Қазақстанның қалыптасу тарихы, елдегі қоғамдық-саяси өзгерістер, Астананың ЭКСПО-2017-ге өтінімі және Қазақстанның басқа да халықаралық бастамалары ашылып көрсетілді. Сондай-ақ елдің заманауи экономикалық дамуы, Кедендік одақтың қызметі, инвестициялық климат, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама, қазақстан-польша экономикалық ынтымақтастығы және оны дамыту болашағы туралы кеңейтілген ақпарат ұсынылды.
Жалпы алғанда, болып өткен шаралар Батыс Польшаның іскерлік орталары мен аймақтық БАҚ-тың назарын аударып, шетелде Қазақстан туралы шынайы ақпараттың одан әрі таралуына септігін тигізді.