Батысқазақстандық ағайынды дзюдошылар республикалық ашық турнирде топ жарды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында ҚР Қорғаныс министрлігінің кубогы үшін дзюдодан өткен республикалық ашық турнирден батысқазақстандықтар жеңімпаз болып оралды.
None
None

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Ерназар Хамзин 81 келіде топ жарса, Аңсар Хамзин 90 келі салмақта чемпион атанды.

Ағалы-інілі балуандарды Сайын Ерғалиев жаттықтырады. Айта кетейік, Ерназар Хамзин - қазақ күресінен де олжа салып жүрген спортшы.

Соңғы жаңалықтар