Батысқазақстандық ардагерлер өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа бермек

None
None
ОРАЛ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық ардагерлер өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа бермек. Бұл туралы облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аға ұрпақ өкілдері Ұлы Жеңістің 65 жылдығын лайықты қарсылау және басқа өзекті мәселелерді талқылады. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Батыров атап өткеніндей, өңірде бір қалалық, 12 аудандық және 292 бастауыш ұйым өз жұмысын атқаруда. Таяуда қалада облыстық кеңес үшін арнайы орын бөлінді, оған кезкелген зейнеткер келіп, өз уақытын ойдағыдай өткізе алады.

Пленумда соғыс және еңбек ардагерлерін тұрғын үймен қамту, оларға медициналық қызмет көрсету жайы да сөз болды. Өткен жылы майдангерлерге 34 пәтер бөлінсе, биыл ардагерлер мен балалар үйлерінің түлектері үшін тағы бір көппәтерлік үй пайдалануға берілмекші. Жер телімдері мен пәтер алуға барлығы 103 ардагер кезекте тұрса, соның 62-сі - соғысқа қатысқандар.

Жеңістің 65 жылдығына орай бірқатар шаралар жүзеге асырылатын болады. Майдангерлер  тегін тіс протезін жасатады, сондай-ақ қазақстандық ұшақтармен жыл бойы көздеген жеріне бара алады. Батырлар ескерткіштері, Жеңіс алаңы жаңартылып, соғыста қайтқан жерлестер рухына арналған еске алу кітабы жарық көрмек.

Соңғы жаңалықтар