18:33, 12 Қараша 2013 | GMT +5
Батысқазақстандық балғын балуандар республикалық турнирден жүлдемен оралды
ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Азат Мұхамедиев пен Мирланбек Амангелдиев Ақтөбе қаласында В.Ивченконы еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнирден олжалы оралды.

Азат 32 келі салмақта алтын медальға қол жеткізсе, Мирланбек 29 келіде қола жүлдегер атанды. Аталмыш жарысқа Қазақстанның тоғыз облысынан 300-ден астам спортшы қатысқан. 2000-2002 жылғы жасөспірімдер арасында өткен турнирге БҚО-дан бес балуан барды.