08:42, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық балғын футболшылар ел біріншілігінде үздік шықты
ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық балғын футболшылар Оралда өткен ел біріншілігінде үздік шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1996 жылы туылған футболшылар арасында өткен жарысқа Қазақстанның барлық дерлік облысынан 14 команда қатысты. БҚО құрамасы финалды Алматының ЦСКА командасын ұтты. Үшінші орынды жамбылдықтар иеленді. Оралдықтардан Иван Антипов - үздік ойыншы, Ербол Жиенбетов үздік мерген атағын иеленді. Ал Семен Сутягин (БҚО) мен Елжан Исатай (ЦСКА) көрермен көзайымы марапатына ие болды.