Батысқазақстандық ғалым академик атанды

ОРАЛ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ауыл шаруашылығында инновациялық және озық технологияларды енгізудегі жетістіктері үшін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті экология, өсімдік шаруашылығы және егіншілік кафедрасының оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Эдуард Браун Байер КропСайенс далалық академиясының академигі атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ғалымның жетекшілігімен дәнді дақылдар егісінде жаңа да тиімді гербицидтер қолданудың технологиялық әдістері жасалған. Тәжірибе негізінде аса зиянды қос жарнақты арамшөптер түгелдей жойылған. Эдуард Браунның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қазақстан аумағында осындай арамшөптермен күрес тәсілдері бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар