19:16, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Батысқазақстандық ғалым Түркияда біліктілігін жетілдіруде
ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр бүгіндері Түркияның Стамбул қаласындағы Мармара университетіне қарасты Түріктану ғылыми зерттеу университетінде білім-білігін жетілдіруде.
Ол бұл сапарына «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғалымдарға бөлінетін «Ғылыми тағылымдама» грантын жеңіп алу арқылы қол жеткізді. Енді алты ай бойы аталмыш шаһарда болатын батысқазақстандық ғалым Стамбул кітапханаларындағы орта ғасырлық жазба ескерткіштерінің түпнұсқаларымен танысуда.