13:23, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Батысқазақстандық каратешілер халықаралық турнирдің жүлдегері атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 6-10 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында карате-доден "Korea Open" халықаралық турнирі өткізілді.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Азия мен Еуропадан 18 елдің спортшылары қатысып, бақ сынады.
Батыс Қазақстан облысынан барған Дархан Темірәлиев 53 кг, Бекарыс Елемесов 47 кг салмақта қола жүлдені иеленді. Сондай-ақ кадеттер арасында абсолютті салмақта Әлихан Ақжолов қытайлық, жапониялық, кореялық, филиппиндік және ресейлік қарсыластарын ұтып, чемпион атанды.
Айта кету керек, карате 2020 жылғы олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі әбден ықтимал.