Батысқазақстандық каратэшілер Қарағандыда өткен турнирден олжалы оралды

Жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленген батысқазақстандық каратэшілерді оралдықтар бүгін Орал темір жол вокзалынан қуанышпен қарсылап алды.
Кекушинкай каратэден жылдың басты жарыстарының бірі болып есептелетін аталмыш турнирге еліміздің 15 қаласынан 1500-ден астам балалар мен жасөспірімдер қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай бақ сынады.
Турнир қорытындысында бапкер Сұңғат Жолданов бастап барған БҚО құрамасы 9 алтын, 2 күміс және 7 қола медальді жеңіп алды. Атап айтқанда, Қарақат Асылбекқызы, Ердәулет Нұрадин, Әлішер Дәулет, Дархан Есламғалиев, Аяулым Тарғын, Саян Дисен, Петр Скоробогатов, Нұргүл Сапарова және Шайнұр Садықов чемпион атанды. Ал Дарын Дәулетов пен Бақытбек Скоков күміс, Жасмин Шағуанова, Мадияр Есқалиев, Бекзат Айтжан, Азат Қапанов, Ескендір Сайлау, Диана Дәкірова, Миржан Арыстанов, Батыр Дүйсекешев, Роман Кочетков, Ернұр Әділұлы қола жүлдені иеленді.
Батысқазақстандық каратэшілер енді осы айда Шымкент қаласында болатын тағы бір турнирге дайындалуда.
Еске сала кетейік, каратэ 2020 жылы өтетін Токио олимпиадасының бағдарламасына енгізілгені белгілі.