11:41, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Батысқазақстандық қария 100 жасқа толды
ОРАЛ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданы Жымпиты ауылында тұратын Рабиға Ысқақова 100 жасқа толды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау аумағында туып-өскен ол Жымпиты ауданындағы Абай атындағы кеңшарға жұмысшы ретінде арнайы жолдамамен келеді. Өзінің айтуынша, жас кезінде өгізбен сабан айдап, шөп шауып, мал баққан. Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы жауынгерлерге жылы қолғап тоқып, тағамдар жіберіп тұрған ол небір қиындық көрген. Өмірлік қосағы Бақыт Темірғалиевпен біраз жыл мал бақты.
Алты ұл-қыз өсірген әжей қазір ұлы Болат пен келіні Жұмазияның қолында тұрып жатыр. Төрт немере мен шөбере-жиендерінің қызығын көріп отырған әжей: «Елден бақ таймасын, Елбасымыз аман болсын», деп тілейді.