Батысқазақстандық кәсіпкерлер Магдебург қаласынан келген делегациямен кездесті

Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгінов 2010 жылы Орал мен Магдебург шаһарлары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс бойынша меморандумға қол қойылғанын атап өтті. Осы құжат аясында немістің іскер топ өкілдері батысқазақстандық әріптестерімен кеңірек танысу үшін Оралға арнайы келген. «Бүгінде мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жете мән беріліп отыр, -деді Алтай Көлгінов. - Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, 2020 жылға қарай шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызды құрауы тиіс. Біз ол межеге өндірісі жете дамыған Магдебург секілді қалалармен серіктес болып, ондағы кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу арқылы жетеміз».
Содан соң облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аслан Жақыпов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Мәртебелі меймандар арасынан алғаш болып сөз алған Магдебург қаласы бургомистрінің орынбасары Райнер Нитше жылы қабылдап, жоғары деңгейлі кездесулер ұйымдастырғаны үшін облыс басшылығына өз ризашылығын білдірді. Қазақстан инвестициялық жағынан тартымды ел, кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан көп жағдай жасалып жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар ертең өз жемісін береріне, Орал қаласы маңынан инстуриалды аймақтың ашылуы өңірдің дамуына оң ықпалын тигізетініне сенімді.
-Бізде құрылыс материалдарын өндіру, ғылыми-зерттеу, ауыл шаруашылығы, медицина, қуат үнемдеу технологияларын шығару ісі жете дамыған. Бұл бағыттағы тәжірибелерімізбен бөлісіп, өз өнімдерімізді Қазақстанның, соның ішінде Батыс Қазақстан облысының нарығына шығаруға мүдделіміз. Бірлескен кәсіпорын құру мәселесі де қызықтырып отыр. Осы сәтті пайдаланып, батысқазақстандық кәсіпкерлерді Магдебургқа, жалпы Германия еліне инвестиция салуға шақырғым келеді. Біздің қалада, әсіресе, сервистік қызмет көрсету саласы инвестицияға зәру. Магдебург тоғыз жолдың торабында орналасқан әсем қала. Бізде де инвесторларды қолдау шаралары көп, - деді Райнер Нитше.
Өз кезегінде сөз алған «В.Т. іnnovation» компаниясының жетекшісі Феликс фон Лимбург бүгінгі таңда кейбір Еуропа елдерінде орын алған дағдарыс Алманияның экономикасына әсер ете алмайтынын айтты. Бір ғана Магдебургта көлік жасау, құрылыс өндірісінің дамуы, бұл салаларға салынып жатқан инвестиция соған дәлел. Ал жиырма жылдан бері құрылыс саласындағы консалтингпен айналысатын бұл кәсіпорын әлемнің көптеген елінде табысты жұмыс істеуде. Енді экономикасы тұрақты дамып келе жатқан Қазақстанмен байланыс орнатқысы келеді.
Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған бұл шара соңында өңіріміздегі