Батысқазақстандық кәсіпкерлерге маркетинг бойынша дәріс берілді

ОРАЛ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 22 қарашада Оралда «Маркетинг: стратегия және тактика» тақырыбындағы шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
None
None

Консалтингтік «БРИТ & partner» ЖШС компаниясы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істеп тұрған бизнеске сервистік қолдау көрсету жобасын қолға алған болатын. Жобаны іске асыру аясында маркетинг саласында жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің білім және тәжірибе деңгейлерін жоғарылатуға бағытталған екі шеберлік сыныбы курсы жоспарланған. Бұған дейін маркетинг сұрақтары бойынша кеңес беру қызметтерінің талаптарын орындау аясында, консалтингтік компания қызмет етіп жүрген кәсіпкерлердің білім және тәжірибе деңгейін арттыруға бағытталған «Инвестициялық жобаларға және жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға арналған бизнес-жоспар құру әдістемесі» тақырыбындағы шеберлік сыныбы қазан айында өткен еді.

-Осы жоба аясында экономиканың басым секторларына жататын шағын бизнес кәсіпорындарына маркетинг сұрақтары бойынша кеңес беру қызметін «БРИТ & partner» ЖШС тегін көрсетеді. Соның ішінде баға нарығын анықтау, бизнес-жоспар дайындау және екінші деңгейлі банктерге қарауға дайындау, сату нарығы мен бәсекелестерді зерттеу, сауда маркасы мен жарнамалық науқанды дайындау,маркетингтік стратегия және т.б. дайындау бағыттарында кеңес береді. Сапалы қызмет көрсету мақсатында түрлі мамандық бойынша білікті мамандар тартылып, маркетинг сұрақтары бойынша ақпараттық-анықтамалық және әдістемелік материалдар әзірленді және тегін таратылды. Кеңесшілер кәсіпкерлерді өнімді жұмыс істеуге арналған барлық жағдайлары бар жабдықталған кабинеттерде қабылдайды. Бұл жөнінде кәсіпкерлер қауымын құлағдар ету үшін қыркүйек айында облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалық-ақпараттық науқан өткізілді. Шағын бизнес субъектілерінің маркетинг сұрақтары бойынша кеңес беру қызметін көрсету туралы өтініштері 2011 жылғы желтоқсан айының соңына дейін қабылданады, - деді аталмыш жобаның жетекшісі Қайыржан Идиятов.

Жұмыс істеп тұрған бизнес қауымдастығы өкілдерімен өткен басқосуда қазіргі замандағы маркетингтің рөлі жөнінде , оны құру және стратегиясын жетілдіру мәселелері талқыланып, тренингтер өткізілді. Шеберлік сабағына қатысушылар өздерін мазалайтын сұрақтарды ортаға салып, тұщымды жауаптарын алды.

Соңғы жаңалықтар