22:03, 05 Сәуір 2012 | GMT +5
Батысқазақстандық кеденшілер ел қазынасын 6 млрд.-қа жуық теңгеге толықтырды
ОРАЛ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші тоқсанда БҚО-да 5 млрд. 920 млн. 425 мың теңге кедендік төлемдер мен салықтар бюджетке аударылды.

БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, болжамды тапсырма 112,6 пайызға орындалды.
Кедендік бақылау бекеті басқармасы да жақсы қызмет атқарды. 21 тексеріс бойынша бюджетке қосымша 152 млн. теңге түсті. Үш айда 132 кедендік ережені бұзу фактісі анықталды.
Контрабандалық қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жыл басынан бері кедендік заңнамаларды бұзғандарға 4 қылмыстық іс қозғап, 31 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.