18:56, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық кеденшілер республикалық бюджетке 37,9 млрд. теңге аударылуын қамтамасыз етті
ОРАЛ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық кеденшілер республикалық бюджетке 37 млрд. 940 млн. 717 мың теңге аударылуын қамтамасыз етті,

бұл 2007 жылғыдан 86 пайызға көп. Бұл туралы БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінде жыл қорытындыларына арналған жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Қаржы министрлігінің болжамды тапсырмасы 120,7 пайызға орындалды. Департаменттің әр қызметкері қазынаға 123 млн. теңге кіріс келтірді.
Кеден заңдылығын бұзушыларға қарсы 58 қылмыстық іс (2007 жылы ? 46) қозғалды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда өндірілген кедендік төлемдер мен кедендік бақылаудан кейінгі салық сомасы 7,5 есеге өсті.