Батысқазақстандық компания елдегі алғашқы газ айдау агрегаттары мен газтурбиналы электр стансыларын шығаруды жоспарлап отыр

ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ елдегі алғашқы газ айдау агрегаттары мен газтурбиналы электр стансыларын шығаруды жоспарлап отыр,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания басшысы Әліби Ахметжановтың айтуынша, егер қаржылай қолдау болса, шетелден әкелініп жүрген өнімдерді өзімізде де шығаруға болады.

Қорғаныс бағытындағы бұрынғы «Металлист» зауытының негізінде 2003 жылы құрылған аталмыш компания соңғы кезде мұнайгаз саласы жабдықтарын шығаруға маманданып келеді. Кәсіпорында газкомпрессорлық стансы тармақтарын жөндеу және дайындаумен мамандандырылған кәсіпорын айналысатын болады. Ал қазіргі заманғы жабдықпен жасақталған екі учаскеде қысыммен жұмыс жасайтын мұнай қыздыру пештері мен көлемі 250 текше метрге дейін және салмағы 60 тоннаға дейін ыдыстар жасалады. Газ айдау агрегаттары кешенді түрде күрделі жөнделсе, ай сайын 1500 тоннаға дейін түрлі металл конструкцияларын шығару да жолға қойылған.

Компания төменгі және жоғары қысымды турбина роторларын жөндеу технологиясын да Қазақстанда бірінші болып игерген болатын.

Соңғы жаңалықтар