Батысқазақстандық қос ғалым «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық қос ғалым ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Николай Щербанов Орал педагогикалық институтында 1967 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Ол бөлінген қаржыға зерттеу жұмыстарын жалғастыра отырып, монографиясын жариялап, докторлық диссертациясын қорғамақ ниетте. Сондай-ақ жылдар бойы жинаған фольклорлық шығармалар, басқа да еңбектері жетерлік. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті машина жасау факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаев та осындай грантты иеленді.
Соңғы жаңалықтар