Батысқазақстандық құтқарушылар шетелдік азамат айдаған автокөлікті қар «тұтқынынан» шығарып алды

ОРАЛ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Орал қаласына кіреберіс жолда «DAF» маркалы жүк көлігінің батып қалғаны жөнінде хабар түскен.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, автомобиль жүргізушісі 1976 жылғы Түркия азаматы Бішкек қаласынан Ыстамбұлға бағыт алған. Оқиға болған орынға департаменттің жедел тобы жетіп, құтқару шараларына барлығы 3 техника, 15 адам қатысты.

Құтқарушылар қалың қарға батып қалған ауыр автокөлікті шығарып алып, жолға салып жіберді.

Соңғы жаңалықтар