Батысқазақстандық мемлекеттік қызметшілер кәсіби мерекелерін атап өтті (ФОТО)

Шараға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мәселелеріне үнемі көңіл бөліп келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде сапалы да уақтылы мемлекеттік қызмет көрсету, кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Әсіресе, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бастапқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселелеріне арналғаны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі ширатудың маңызы зор.
Жиын барысында «5 институттық реформа - 100 нақты қадам: Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» атты конференция өтіп, онда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин, БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Светлана Батырханова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанова, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, әдеп кеңесінің мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин өз ой-толғамдарымен бөлісті.
Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдаса, жекелеген қызметкерлер облыс әкімінің алғысхаттарын, басқа да марапаттарды иеленді.