Батысқазақстандық пианист халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды

ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мәдениет және өнер институтының оқытушысы Максим Попов Санкт-Петерборда өткен «Еуропаға терезе» халықаралық байқау-фестивалінен бас жүлдемен оралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы арқылы батысқазақстандық пианист Франция, Австрия, Бельгия мен Германия сынды Еуропа елдерінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ Ресейден авторлық жинағын шығару құқығын да еншіледі. Аталмыш өнер додасы негізінен балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналғанымен, биыл жас жағынан шектеу алынып тасталған болатын. Құрманғазы атындағы Орал музыка училищесін бітірген М.Попов ? Л.Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваториясының түлегі.
Соңғы жаңалықтар