Батысқазақстандық полицейлер қан тапсырды

ОРАЛ. 8 қараша. ҚазАқпарат - 8 қараша күні БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы қызметкерлері жаппай қан тапсырды.
None
None
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл шара 17 қарашада аталып өтілетін жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алудың Дүниежүзілік күніне арналды. Облыстық қан орталығына барлығы 20 қызметкер келсе, соның көпшілігі - қанды бірінші рет тапсырып отырғандар. Дегенмен араларында бұрыннан келіп жүргендері де жоқ емес. Соның бірі - аталмыш басқарманың аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезов. «Біздің қанымыз зардап шеккендерге пайдаға асса, мақсатымыздың орындалғаны», дейді ол.
Соңғы жаңалықтар