12:13, 22 Наурыз 2013 | GMT +5
Батысқазақстандық полицейлер Наурыз мейрамын атап өтті
ОРАЛ. 22 наурыз. ҚазАқпарат - БҚО Ішкі істер департаментінде мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз Наурыз!» атты дәстүрлі ашық сабақ өтті.

Департамент бастығының орынбасары Берік Өтеулин жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Шарада Наурыз мейрамының мән-маңызы айтылып, қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары таныстырылды. Сақина жасыру ойыны барысында полиция капитаны Диляра Сатарова «Дудар-ай» әнін шырқады.
Бұдан кейін мерекеге қатысушылар дастарқанға шақырылып, қазақтың сары бауырсағы мен наурыз көжеден дәм татты.