20:49, 26 Қазан 2015 | GMT +5
Батысқазақстандық самбошы Қ.Құсайынов ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Израильдың Ашдод қаласында ардагерлер арасында самбодан өткен әлем чемпионатында батысқазақстандық Қайсар Құсайынов жеңімпаз атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Қайсар 68 келі салмақта үздік шықты. Сондай-ақ Мәлік Төлегенов 74 келіде күміс, Қанат Жанғалиев 62 келіде қола жүлдені иеленді.