Батысқазақстандық шорт-трекшілер әлем кубогы кезеңіне қатысуда

ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат - 7-10 қараша аралығында Италияның Турин қаласында шорт-тректен әлем кубогының кезекті, үшінші кезеңі өтті.
None
None
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл жарысқа Қазақстан намысын қорғайтын батысқазақстандық шорттрекшілер де қатысты. Ванкувер олимпиадасына қатысқан Айдар Бекжанов 1500 метр қашықтықта 14-орынды иеленсе, тағы бір оралдық Инна Симонова 500 метрде 19-орынға табан тіреді. Әлем кубогының қорытынды кезеңі 14-17 қарашада Мәскеу қаласында өтеді.
Соңғы жаңалықтар