11:57, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Батысқазақстандық студент республикалық жиыннан табысты оралды
АЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Мейрамгүл Сралиева Алматы қаласында өткен студенттік БАҚ өкілдерінің форумынан табысты оралды.
Батысқазақстандық студент «Қазақ тіліндегі үздік репортаж» аталымы бойынша үздік атанып, арнайы дипломға ие болды. Биыл екінші рет өткізілген студенттік БАҚ форумына еліміздің 18 ЖОО-сынан өкілдер қатысқан. Оралда М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ мен Еуразия академиясының студенттері қатысып қайтты. «Форум біз үшін пайдалы болды. Танымал журналистерден тәлім алып, әріптестерімізбен пікірлестік», дейді Мейрамгүл.
М.Сралиева - бірнеше жылдан бері БАҚ беттерінде мақала, суреттемелерімен көрініп келе жатқан жастың бірі.