Батысқазақстандық студенттер майдангерлерді құрметке бөледі

ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат -  «Болашақ үшін рақмет» республикалық акциясы аясында өңірдің белсенді студенттері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті.
None
None

Шараға Қазақстан Жастар конгресі мен Қазақстан Студенттер альянсы құрамындағы 25 жас қатысты. Жас көшбасшылар әр ардагердің мекенжайына барып, сый-сияпаттар көрсетті. Отан қорғаудағы ерен ерліктері үшін өз тілектерін жеткізді. Қазақстан Студенттер альянсының облыстағы көшбасшысы Олжас Иманғазының айтуынша, айтулы Жеңіс мерекесінде бірде-бір ардагер көмексіз қалмақ емес. Сондай-ақ ерікті жастар ардагерлердің үйлеріне қолғабыс етуде.

Соңғы жаңалықтар