Батысқазақстандық судьялар «100 қадамды» талқылады (ФОТО)

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жиынды ашқан облыстық соттың төрағасы Бек Әметов бес институттық бағдарламаны жүзеге асыруда соттардың алдында тұрған міндеттерге жан-жақты тоқталды.
Мұнан кейін бес бағыт бойынша «Экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» жөнінде Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің басшысы Ерғали Айтпай, «Экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін қамтамасыз ету» туралы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев, «Индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсімге» қатысты облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев, « Болашағы біртұтас ұлт» мәселесіне байланысты Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Боранбаев, «Транспарентті және есеп беруші мемлекет» жайында облыстық соттың судьясы Ғизатолла Қырықбаев баяндамалар жасады.