Батысқазақстандық суретші Қ.Мәдір Еуразиялық Дизайнерлер одағына қабылданды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Республикалық «Таным» сыйлығының лауреты Батыс Қазақстан облыстық «Өнер» қоғамдық қорының жетекшісі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, өнертанушы Қуандық Мәдір Еуразиялық Дизайнерлер одағы мүшелігіне қабылданды.
None
None

Суретшіге бұл мәртебелі атақ көп жылғы өнертанушылық ғылыми мақалалары мен шығармашылық, қоғамдық бағыттағы жасаған жемісті жұмыстары үшін беріліп отыр.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың ұлттық мәдениеті мен өнері ерекше сипат алып, жан-жақты өркен жая түсуде. Соның ішінде ұлттық көркемөнер мектептері де даму үстінде. Көркем сурет көрме-байқаулары облыстарда да ұйымдастырылып келеді. Айталық, БҚО «Өнер» қоғамдық қоры «Жазира Жайық» көркем сурет көрмесін облысаралық, республикалық деңгейде бастап, оны халықаралық дәрежеге дейін көтерді. Соңғы жылдары оған еліміз ғана емес, ресейлік қылқалам шеберлері де белсене қатысуда.

Қ.Мәдірдің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес ұлтаралық татулықты шығармашылық байланыс арқылы нығайту бағытында алдағы уақытта да жоспарлы іс-шаралар атқарылатын болады. Өйткені өнер майталмандары өзара тәжірибе алмасатын мәдени шаралардың көршілес елдер арасындағы достықты нығайтудағы ролі зор болмақ. Суретшілер мен дизайнерлер дарынды жас буынды рухани һәм патриоттық рухта тәрбиелеуге атсалыса бермек. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тиімді қарым-қатынас Қазақстандағы мәдениет пен өнер саласына да жарқын жетістіктер әкелері анық.

Соңғы жаңалықтар