13:28, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы республикалық турнирден жеңіспен оралды
ОРАЛ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақшысы Гүлназ Оразмұханбет Ақтөбе қаласында Тәуелсіздік мерекесі құрметіне өткен республикалық турнирден жеңіспен оралды.

Аталмыш мектептен түскен мәліметке қарағанда, Гүлназ бірінші орынды иеленді.
Жалпы, 2013 жыл №2 БЖСМ үшін құтты жыл болып отыр. Айнұр Байзекенова тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанса, оның бапкері Дәулет Әбдікәрімовке жоғары санатты оқытушы-жаттықтырушы атағы берілді.