10:35, 11 Сәуір 2012 | GMT +5
Батысқазақстандық университетте Мәжіліс депутаттарының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті
ОРАЛ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шафхат Өтемісов, Виктор Киянскийдің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Онда ЖОО бітірген жас мамандардың жұмысқа тұру жайы мен жұмыссыз жастар мәселесі әңгіме арқауына айналды. Жиынға қатысушылар осыған орай өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, білікті маман даярлаудың маңызды мәселе екендігін атап көрсетті. Бұған жұмыс берушілердің де белсенді қатысуы керектігі айтылды.
БҚМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Асхат Иманғалиевтің атап өткеніндей, жұмыс берушілермен, мекеме-кәспорын басшыларымен жиі кездесу өткізу жас мамандарды даярлаудың ұтымды тетігін қалыптастыруға септігін тигізеді.