Батысқазақстандық университетте үздіктер мен белсенділер слеті болды

ОРАЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде оқу озаттары мен белсенді студенттердің слеті болып өтті.
None
None

Университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты Қазыбай Бозымов оқу орнының 50 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл шарада университеттің, еліміздің саяси-қоғамдық және мәдени өміріне белсене араласып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 360 студентті марапаттады. Оның ішінде 16 студент ҚР Президенті атындағы шәкіртақыға ие болса, 3 студент А.Чаянов, Е.Еламанов, К.Скрябин атындағы шәкіртақы иегері атанды. ІҮ республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары атанған 5 студент ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ «Үздік студент - 2012» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Салтанатты шарада БҚО жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма бастығы Серік Молдағалиев, «БҚО жастар Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Манарбек Ажкенов, «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ атқарушы хатшысы Дархан Қадыралиев белсенді студенттерді алғысхаттармен марапаттап, болашақтарына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум