18:08, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық ұстаздар жүз отыз шақырымдық шаңғы жорығына қатысты
ОРАЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы шаңғы туризмін дамыту мақсатында арнайы шара ұйымдастырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған Оралдағы оқу орындары мен облыс аудандарынан балалар туризмін ұйымдастырушылар қатысты. Теориялық сабақтардан кейін ұстаздар Зеленов ауданы аумағында 130 шақырым жолды шаңғымен жүріп өтті. Көптеген ауылдардың үстімен өткен педагогтар өлкетану материалдарын жинап, компаспен де жұмыс жасады. Енді тәжірибе жинақтаған олар өз шәкірттерін шаңғы туризміне баулитын болады.