Батысқазақстандық жас шахматшы әлем чемпионатына қатыспақ

ОРАЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Шахматтан ел чемпионы атанып, Қазақстан құрамасына алынған Әлібек Игамбергенов биылғы тамызда Түркияда өтетін Дүниежүзілік жасөспірімдер олимпиадасы мен қазанда Грекияда болатын жасөспірімдердің әлем біріншілігіне қатыспақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Валерий Мин жаттықтыратын Әлібек таяуда Семей қаласында өткен ел біріншілігінде 16 жасқа дейінгі бозбалар арасында топ жарған болатын. Осы чемпионатта В.Миннің тағы бір шәкірті Әлихан Ерғалиев 12 жасқа дейінгілер арасында классикалыққа қоса блиц-шахматтан да қола жүлдені иеленді. Сондай-ақ №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Владимир Немчинов баптайтын Мәлика Ысқақова, Айсезім Мұхит, Рүстем Әлімқұлов жүлделі орындарды жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар