Батысқазақстандық жастар волейболдан ұлттық құраманың мүшесі С.Жарлығасовамен кездесті

ОРАЛ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Орал газ, мұнай және салалық техно­логиялар колледжінде осы білім ордасының түлектері, волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
None
None

Сана Жарлығасовамен және спортшы, бапкер Әсел Ғұбашевамен кездесу өткізілді.

Колледж директоры Серік Мұ­­хамбеталиев аталмыш спорт­шылардың колледжде оқып жү­ріп, «Грация» волейбол командасында ойнағанын, сабақта да үздік нәтиже көрсеткенін ба­са айтты. «Бүгінгі таңда бізде спорт­пен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. 18 спорттық секция жұмыс істеп тұр. Тренажер, үстел теннисі залдарының есігі баршаңызға ашық. Енді тек сіздер жат қылықтарға бармай, Сана мен Әсел секілді спортпен шұғылданып, биік белестерді бағындыруларыңыз қажет», - де­ді колледж басшысы.

Айтса айтқандай, Көлеңке Ғұба­шев бапкерлік еткен оралдық «Грация» командасы кезінде облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде керемет өнер көрсеткен болатын.

«Ко­­манда құрамындағы сегіз қыз да өмірден өз орнын тапты. Мысалы, Сана Жарлығасова во­лей­болдан ұлттық құрамаға алын­ды. Бұл - үлкен жетіс­тік. Сегіз қыздың біреуі ұлттық құ­рамаға іліккені - тамаша көр­сет­­кіш», - деді кездесуге қатысқан, бүгінде әке жолымен өзі де бап­­керлікке бет бұрған Әсел Ғұ­ба­шева.

Өз кезегінде Сана ұшқан ұя­сы - колледж ұжымына айрық­ша алғысын білдірсе, колледж директоры Серік Мұхамбета­лиев танымал спортшыға естелік­ке кітап сыйлап, гүл шоғын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар