Батысқазақстандық жол полициясы қызметкерлері көлік айдап кетушілердің жолын кеспек

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасы наурыздың 9-12-сі аралығында «Көлік айдап кету» жедел-алдын алу шарасын өткізбек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Республика көлемінде ұйымдастырылатын бұл шараның мақсаты ? көлік айдап кетушілікке жол бермеу. Шара кезінде гараждарда, тұрақтарда, авосервистерде тұрған көліктерге тексеру жүргізілмек. Сондай-ақ көлік базарындағы қосалқы бөлшектердің құжаттарын да қарау жоспарда бар. Ресми мәлімет бойынша биылғы екі айда өңірде алты адам көліктерінен айрылып қалған екен. МАИ қызметкерлерінің жедел араласуы нәтижесінде олар «темір тұлпарларына» қайта мінді. Ал наурыздың 11-17-сінде өткізілетін «Іздеу» іс-шарасы кезінде жол-көлік оқиғасына себепші болып, қашып кеткендер іздестірілмек. Сондай-ақ сот шешімін орындаудан бас тартып, бой тасалап жүргендер де назардан тыс қалмайды.
Соңғы жаңалықтар