Батысқазақстандық журналист М.Балмолда «Тіл жанашыры» медалімен марапатталды

ОРАЛ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық белгілі журналист, «Қазақстан-Орал» телеарнасының редакторы Мұнайдар Балмолда 7 қараша күні Астана қаласында «Тіл жанашыры» медалімен марапатталды.
None
None
«Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі ҚР Тұңғыш Президенті музейінде өтті. Марапат иелеріне ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ойлар мен жылдар» кітабы автордың автографымен сыйға тартылды. Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге зор үлес қосып жүрген отандастарымызды «Тіл жанашыры» атағымен марапаттау дәстүрі осымен төртінші мәрте өткізіліп отыр. М.Балмолданың айтуынша, биыл бұл атаққа жүздің үстінде адам ұсынылған. Соның ішінен таңдау 27 адамға, БҚО-дан Мұнайдарға түскен. Мұнайдар Балмолда «Қазақстан-Орал» телеарнасында 1993 жылдан бері еңбек етеді. Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне, соның ішінде тіл мәселелеріне белсене араласатын ол сонымен бірге өлең мен прозалық туындылар жазады. Бірнеше кітабы бар.
Соңғы жаңалықтар