19:03, 18 Маусым 2010 | GMT +5
Батысқазақстандықтар ат спорты түрлерінен өткізілген ел чемпионатынан табыспен оралды
ОРАЛ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандықтар ат спорты түрлерінен Астанада өткізілген ел чемпионатынан табыспен оралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, БҚО құрамасы көкпардан үшінші орынды еншіледі. Сондай-ақ 22 шабандоз қатысқан теңге алу сайысынан батысқазақстандық Армат Сәрсекенов 15 секундте бес рет теңге іліп, Қазақстан рекордын жаңартып, чемпион атанды. Сөйтіп ол ҚР спорт шеберінің нормасын орындады. Басқа да ат спорты түрлерінен батысқазақстандықтар көзге түсіп, шеберліктерінің өсіп келе жатқандығын көрсетті.