09:05, 22 Наурыз 2013 | GMT +5
Батысқазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлауда
ОРАЛ. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтілуде.

Бірнеше күн бойы мерекеге арналған мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Орал қаласында негізгі шаралар 22 наурыз күні өтпек. Сырым Датұлы алаңында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың құттықтауынан кейін театрландырылған көрініс басталады. Одан кейін өңір өнерпаздары концерт қойып, думанды қыздыра түспек. М.Ықсанов көшесінде ұлттық тағамдар қойылған сауда сөрелері орналастырылып, киіз үйлер тігіледі. Кешкісін концерттік бағдарлама отшашумен аяқталатын болады.
Наурызға арналған мерекелік шаралар облыс аудандарында да өткізілуде. Соның ішінде Жаңақала ауданында 14 наурызда басталған шаралар кешені 22-сі күні қорытындыланады.