09:44, 12 Қараша 2011 | GMT +5
Батысқазақстандықтар өмірден ерте кеткен суретші М.Жоламанды еске алды
АЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өмірден ерте кеткен талантты суретші Мұратбек Жоламанды (1966-2000) еске алу кеші өткізілді.
Ол тірі болғанда, биыл бар болғаны 45 жасқа толар еді. Мұратбек қазіргі Сырым ауданы Жосалы ауылында туып-өсіп, Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде оқыды. Содан кейін арман қанатында Алатау асып, Алматы көркемсурет училищесін, театр, кино және көркемсурет институтын тәмамдаған қылқалам шеберінің артында «Құлагер», «Рух шақыру», «Еділ-Жайық», «Күлтегін мен Білге қаған туралы жыр» сынды құнды дүниелері қалды. Оның тұңғыш көрмесі көзі тірісінде 1999 жылы Орал қаласында ұйымдастырылған болатын.
Бұл жолы Мұратбек Жоламанның көрмесі қойылып, суретші туралы деректі фильм көрсетілді. Әріптестері мен жары Гүлжәміш естеліктер айтты.