Батысқазақстандықтар С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен тығыз байланыс орнатып отыр

ОРАЛ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандықтар С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен тығыз байланыс орнатып отыр.
None
None

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменов мәлім етті.

Оның айтуынша, бұрын аталмыш оқу орнын бітірген түлектер Оралға көп келе бермейтін. Соңғы үш жылда бұл мәселе біршама шешіліп, маман-дәрігерлер келе бастады. Сонымен бірге жиырма шақты жас Оралда тәжірибеден өтуде.

Екі арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында Оралда ректор, профессор Айқан Айқанов бастаған университет өкілдері болып, батысқазақстандық дәрігерлермен кездесті. Бұл жолы түлектерді Батыс Қазақстанға жіберумен қатар университеттің профессор, доценттерінің Оралға келіп, жергілікті жас мамандарға дәріс беру жолдары да қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар