Батыста Е.Қожахметовті еске алуға арналған еркін күрестен облыстың ашық біріншілігі мәреге жетті

ОРАЛ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының орталығында еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі болған Ержан Қожахметовты еске алуға арналған облыстың IV ашық біріншілігі өтті.
None
None

Дәстүрлі шараға қатысушылар қатары биыл жылдағыдан көп болды. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан  және БҚО-ның Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Қазталов, Сырым, Тасқала, Теректі аудандары мен Оралдан 17 салмақ дәрежесі бойынша балуандар қатысты.

Дүбірлі белдесулерде 2000-2002 жылы туылғандар мен одан кіші жасөспірімдер арасында: З.Ғұмаров, А.Деменов (Орал), Е.Әбуов, А.Саят (Ақтөбе), С.Түгелтаев (Бөрлі), Ж.Оразов (Маңғыстау), К.Ранджабар (ОҚО), 1997-1999 жылғы жасөспірімдер арасында: А.Тәжіханов (Маңғыстау), Б.Молдашев (Атырау), Б.Мұрат (Орал), З.Қадырханов (Ақжайық), 1994-1996 жылғы жастардан: А.Қанатов, А.Шапиғатов, Ж.Қожағалиев (Ақжайық), Ж.Бақдаулет (ОҚО), М.Нухов (Орал) М.Жасанғалиев (Қазталов) жеңімпаз атанды. Сондай-ақ бұл біріншілікте Ж.Күнбатыров (Ақжайық), Қ.Салауат (Атырау) және А.Қазбенов (Орал) ең «Үздік төреші», Ж.Оразов (Маңғыстау), Б.Молдашев (Атырау) және А.Шапиғатов (Ақжайық) «Ең үздік балуан», М.Жасанғалиев (Қазталов), Ғ.Ыбырайым (Атырау) және С.Түгелбаев (Бөрлі) «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдарын иеленді.

Соңғы жаңалықтар