Батыстың өзі кейбір экстремистік топтарға қолдау білдіріп отыр - Иранның сыртқы істер министрлігі

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде біздің аймақта саяси-қоғамдық тұрақсыздықты ушықтырып отырған «МКО» атты мүнафиктер тобына Батыс пен Американың өзі қолдау білдіріп отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Рамин Мехманпараст айтты.

Қазіргі Түркия мен Сирия арасындағы әскери қақтығысқа тоқталған  Р.Мехманпараст: «Негізі, біздің аймақ шиеленіске толы. Әрине, ондай жағдайға Батыстың кейбір елдері мүдделі болып отыр. Олар аймақтағы қақтығыстарды күшейту жұмысына барын салып бағуда», - деді. Министрліктің ресми өкілі атап көрсеткендей, бүгінде Батыс пен Американың өзі кейбір экстремистік топтарға қолдау жасап келеді. «Мәселен, Иранның 16 мың бейбіт халқын қырып тастаған бір экстремистік топ бар. Ол Ирак жерінде де қанды қырғын жасаған. Оның аты - «МКО», бұл - мүнафиктер (Аллаға шынайы сенбейтін мұсылмандар - авт.) тобы. Осы топты Америка террористік ұйымдардың қатарынан алып тастады. Бұған дейін Батыс елдері де солай істеді. Демек, олар кейбір экстремистік топтарға қолдау жасап отыр. Біз білеміз, ондай мемлекеттер біздің дамуымызды қолдамайды. Сондықтан бізге барынша абай болу керек», - дейді Р.Мехманпараст.

Соңғы жаңалықтар