Бауыржан Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы лауазымына тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Бауыржан Әбжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бауыржан Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды
Фото: Gov.kz

Тағайындау қорғаныс саласындағы кадрлық өзгерістер аясында жүзеге асырылды.

– Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Садықұлы Әбжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада. 

Бауыржан Әбжанов 1968 жылы 10 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген.

1990 жылдан бастап Қазақстанның ішкі әскерлері мен Ұлттық ұлан сапында қызмет атқарды, взвод командирінен бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығын және Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясын басқарды.

Бұл тағайындауға дейін ол ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары лауазымын атқарды. 

Генерал-майор атағын иеленген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттайтынын хабарлаған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар