Бауыржан Әленов мектептер жанына бағдаршам орнатпаған өңірлерді атады

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл мектептердің қасында жаяу жүргіншілерге арналған бірде-бір бағдаршам орнатылмаған өңірлер бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов айтты.

Бауыржан Әленов мектептер жанына бағдаршам орнатпаған өңірлерді атады
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

– Министрлік тарапынан оқу жылына дайындық барысында бірқатар шара қабылданды. Барлық білім беру объектісіне тексеру жүргізілді. Жол инфрақұрлымына қатысты ұсыныстар енгізілді. Мектептердің маңында: жаяу жүргінші бағдаршамдары, жасанды кедергілер, жол белгілері және ақпараттық паннолар, қоршаулар және автотұрақтар орнатылды. Қазір 95 пайызы талаптарға сәйкес келеді, - деді ол.

Министр орынбасары кемшіліктер де бар екенін жасырған жоқ. 

– Биыл мектептердің қасында жаяу жүргіншілерге арналған бірде-бір бағдаршам орнатылмаған өңірлер бар. Олар: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстары. Әкімдіктер бұл жұмысты жандандыру қажет, - деді Бауыржан Әленов.

Айта кетейік, елімізде 267 мың орынға арналған 232 мектеп салынып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар